Бразилия - 2014 іріктеу ойындарындағы қарсыластарымыз белгілі болды


2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу ойындарының жеребесі өтті бүгін түнде. Біз С тобына мына құрамалармен түстік:

Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары.
Әрі қарай

Германия - Қазақстан

Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында бүгін біздің Құрама Германиямен кездеседі, Кайзерслаутернда Фриц Вальтер стадионында. Ойын біздің сағатпен 00:50-де Хабар арнасынан тікелей көрсетіледі.



Ойынға болжам жасап керек емес сияқты. Жаңа бапкеріміз Беранек сиқыршы емес, сондай-ақ біздің қорғаным шебі Абдуллин, Кислицын сияқты "қорғаушылардан" құралғасын бұл шепті қорғаныс деп айтуға да келмейді. Жарақаттарына байланысты Смаков пен Карпович те бүгін алаңға шыға алмайды.
Әрі қарай

Ұлттық құраманың жаңа бапкері: Мирослав Беранек



Сонымен Ұллтық Құрамаға көптен күткен бапкері де сайланды. Ол — чехиялық Мирослав Беранек. Спорт сайттарындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ ол бұрын ұллтық құрама бапкерінің көмекшісі болған, 2002 жылы Чехия жастар құрамасын Еуропа жүлдегері қылған. Чехия кубогын және Венгрия чемпионатын ұтқан.

Танымал футболшы және бапкерлер бағаларын өлшеуші сайт Transfermarkt сайтының мәліметіне сенетін болсақ Беранек бұрын Венгрияның Дебрецен және Чехияның Кладно командаларында бапкерлік жасаған. Ал БАҚта жазылған басқа командаларда ол көмекші бапкер қызметін жасаған сияқты. Соңғы жұмыс орны Кладно командасы, Чехия 1-лигасының аутсаудерлерінің бірі.

Сонымен тағы да белгісіз, табыссыз, шетелдік бапкер. Қабыл алыңдар, құтты болсын!
Әрі қарай